каз. 3 курс ЖМ есептер


Есеп 1 ЖЖ

72 жасар науқас А., денесінің сол жақ бөлігінің әлсіздігіне шағымданып, аурухананың қабылдау бөліміне түсті. Бұл көріністер тамақ қабылдау кезінде кездейсоқ пайда болған. Науқаста сөйлеу қабілеті қиындаған және сол аяғынмен сол қолын қозғалта алмайды. Анамнезінде науқаста артериялық гипертензия мен, ЖИА-мен ауыратыны және холестериннің деңгейі жоғары екендігі анықталды. Зерттеу барысында: АҚ 190/100 мм.с.б.б., сол жақтық айқын гемипарезі, сол жағында Бабинский рефлексі анықталды. Мыйдың компьютерлік томографиясында қан құйылу көріністері жоқ.

Науқаста патологияның қай түрі туралы ойлауға болады? Көрсетілген бұзылыстар мыйдың қай артериясының зақымдалуынан болуы мүмкін?

Науқаста пайда болған парездің түрін көрсетіңіз, оның сипаттамасын берініз.

Нейронның гипоксиялық бұзылысының патогенезін түсіндіріңіз

Көрсетілген патологияны дамытқан қандай қауіп-қатер жайттарын осы науқаста анықтауға болады? Осы патологияның тағы да басқа қандай қуып- қатер ықпалдарын білесіз?

Есеп № 2 ЖЖ

Науқас Ж 20 жаста, институт бітіруші түлек ауруханаға мынадай: ұйқысының нашарлығына, ашуланшақтыққа, жылаңқылыққа, тәбетінің болмауына, көңіл-күйінің тұрақсыздығына, бас ауыруы сияқты көптеген шағымдармен келіп түсті. Қарап тексергенде: соматикалық статусы қалыптыдан өзгермеген. Анамнезінен белгілі болғаны, көрсетілген өзгерістер соңғы 10 ай көлемінде дамыған. Осы кезеңде тұрмысқа сәтсіз шығу, жолдамамен жіберілген жаққа кету қажеттілігі сияқты науқаста өте қиын өмірлік жағдайлар болған. Бөлімшеде жатқан уақытта үнемі медициналық қызметкерлерге көңілі толмайтындығына шағымданып, өзіне ерекше көңіл бөлуді талап еткен. Әрбір тамақ қабылдағаннан кейін (науқастардың және қызметкерлердің көзінше) құсқан.

Невроздың қандай түрі науқаста дамыған ?

Науқастағы әйгіленімдер жиынтығының шығу тегі мен патогенезін түсіндіріңіз

Тағыда басқа қандай невроздардың түрін білесіз, олардың сипаттамасын беріңіз

Неврозды эксперимент жүзінде қалай үлгілейуге болады?

Есеп № 3 ЖЖ

Орта жасар еркек ес түссіз жедел жәрдем көрсету ауруханасына жеткізілді. Науқасты алып келген мейірбике, науқас кенеттен құлан кезде клонико-тониялық тырыспалар басталғаны туралы хабар берді. Қарап тексергенде: есі кіресілі-шығасылы, дене қызуы 38° С, АҚ 170/90мм с.б., тамыр соғысы минутына 105 рет, тыныс алу жиілігі минутына 18 рет. Денесінің сол жақ бөлігінде қимыл азайған, Бабинский рефлексі екі жақтан да анықталады.

Науқаста мый қан айналымының қандай бұзылысы бар? Аңғарымды анықтау үшін қандай зерттеулер жүргізу керек?

Науқастағы тырысулар мен дене қызуы көтерлуінің патогенезін түсіндіріңіз.

Бабинский рефлексінің пайда болуымен қозғалыстың шектелу патогенезін түсіндіріңіз

Аталған дертте АҚ көтерілуінің қандай маңызы бар

Есеп № 4 ЖЖ

К есімді 12 жастағы науқас, уақтылы туылған, жасына сәйкес өсіп жетілген. Үш жасар кезінде қызылшаға қарсы сарысуды енгізгеннен кеін клонико- тоникалық тырыспа ұстамасынан кеін ауыра бастаған. Кеінгі жылдары аталғн ұстамаларға ұқсас ұстамалар айына 1-2 рет қайталанған. Клиникаға тексерілу үшін түсті. Тексеру барысында ішкі ағзаларда патология анықталмады. Жүйке жүйесінің ощақты бұзылысы жоқ. Көз түбі өзгермеген. Клиникада 3 минутқа созылған ұстама байқалды. Ұстама кезінде бет-әлпеті қызыл- күреңденіп көгеруге дейін барды (цианоз), ауыз қуысынан қызыл түсті қан аралас көбік бөлініп шықты, көз қарашығы кеңейген, жарыққа жауап қайтармайды, аяқ қолдарында клонико- тоникалық ұстама байқалды. Ұстамадан кейін ұйықтады. Келесі күні тілінде тіс іздері көрінеді ЭЭГда екі жарты шарда да бірен- сараң үстік толқындар байқалады. Краниограммада патология анықталған жоқ

Қандай ауру туралы ойлауға болады?

Көрсетілген аурудың этиологиясын түсіндіріңіз

Тырыспа ұстамалық синдромның патогенезін түсіндіріңіз

Тағыда қандай гипнркинездерді білесіз, олардың патогенезін түсіндірініз

Есеп № 5 ЖЖ

Нақас Д 38 жаста, жұлын жарақатынан кейін сан және балтыр бұлшықеттерінің межеқуаты төмендеп, рефлекстік серпілістері жоғалған. Дерттік рефлекстер анықталмайды. Аяқ бұлшық еттерінің семуі және терімен тырнақтың дистрофиялық өзгерістері байқалады.

Науқаста салданудың қандай түрі дамыды? Жауабыңызды негіздеңіз

Науқаста жұлынның қай бөлігі зақымданған?

Аяқ бұлшық еттерінің семуі және терімен тырнақтың дистрофиялық өзгерістерінің патогенезін түсіндіріңіз

Бұлшық еттің межеқуатының өзгеруіне, таралуына, зақымданудың орналасуына байланысты гипокинезияны жіктеңіз

Есеп № 6 ЖЖ

С есімді 33 жастағы ауру «жедел жәрдем көрсету» көлігімен клиникаға жеткізілді Аурудың аяғында белсенді қимылдар жоқ. Бұлшықет межеқуаты жоғары Тізе мен Ахилов сіңірлерінің рефлексі күшейген, тізе үсте табақшасымен аяқ ұшының селкілдек құрсуы байқалады. Екі аяғында да дерттік Бабинский Рефлексі (аяқ ұшының табан жақ бетінің сырттқы бөлігін қарқынды түрде штрихтік сызықпен тітіркендіргенде, оған жауап ретінде бірінші башпайы тырысқан күйінде жоғары қарай көтерліп, қалған башпайлыры жан жаққа қарай ажырайды) және Россолимо (башпайларының соңғы пақайшықтарын үзілісті соққылағанға жауап ретінде барлық башпайларының табанына қарай тез бүгілуі) анықталады. Шап қатпарынан төмен қарай (өткізгіштік түрдегі) барлық сезімталдық түрлері жоғалған. Үлкен дәретімен зәрдің шығуы тоқтағаны байқалады. Науқастағы салданудың сипатын анықтаңыз. Өзіңіздің қортындыңызды негіздеңіз

Науқаста жұлынның қай бөлігі зақымданған?

Науқаста жұлынның қандай өткізу жолдары бұзылған ?

Науқаста салданудың қандай түрі дамыған? Жауабыңызды негіздеңіз, Үлкен дәретімен зәрдің шығуы тоқтағанының патогенезін түсіндіріңіз

Сезімталдық бұзылысының патогенезін түсіндіріңіз

Есеп № 7 ЖЖ

Ұзақ уақыт бойы қантты диабетпен ауратын А есімді 50 жасар науқас аяғының төменгі бөлігінде сезімталдықтың төмендегеніне шағымданады, инемен тексергенде сезімталдықтың жоқтығы анықталады буындық бұлшықеттік сезімнің жоқтығыда айқындалды

Науқаста сезімталдық бұзылысының қандай түрілері бар?

Науқаста патогенезі бойынша сезімталдық бұзылысының қандай типі кездесті?

Сезім берілуінің анатомиялық жолдарын көрсетіңіз және сезімталдық бұзылысының патогенезін түсіндіріңіз

Науқастағы сезімталдық бұзылысының дамуына қантты диабет қандай роль атқарады

Есеп № 8 ЖЖ

Науқас омыртқаның бел аймағынан жарақат алды. қарап тексергенде оң яағының салдануы және тактильді сезімталдықпен бұлшыкеттік буындық сезімталдық болмауы анықталды. Сол жағында көрсетілгенн аймақтарда ауыру және температуралық сезімнің жоғалуы анықталды.

Науқаста жұлынның қай бөлігі бұзылған?

Қозғалыс пен сезімталдық өткізудің анатомиялық жолдарын көрсетіңіз

Науқастағы қозғалыс зақымдануының патогенезін түсіндіріңіз.

Науқастағы сезімталдық бұзылыстарын түсіндіріңіз.

Есеп № 9 ЖЖ

Аяғында ампутаттық кесуден кейін құбыжықтық ауыру сезімі пайда болды.

құбыжықтық ауыру сезімі дегеніміз не? Патогенезін түсіндіріңіз.

Ауру сезімінің түрлерін атап көрсетіңіз, оларға сипаттама беріңіз

Антиноцицептиялық жүйеге сипаттама беріңіз

Науқасқа қандай ем шаралар қолдану керек?

Есеп №10 ЖЖ

Қабылдау бөліміне 5 жастағы бала, жеңілдік әкелмейтін қүсуға, басының ауыру сезіміне шағымданып түсті. Қарап тексергенде: науқас мәжбүрлік қалыпта шүйде бұлшықеттері тартылған, басы артқа шалқайған, арқасы қайқайған, іші тартылған, аяқтары бүгілген, дене температурасы 390С. Жалпы гиперестезияның белгілері анықталды. Жалпы қан талданымында: солға ығысқан нейтрофильді лейкоцитоз, ЭТЖ 30 мм сағ. Жұлын сұйықтығы бұлынғыр, жиі тамшылап ағады, лейкоциттер мен нәруыздар күрт артқан.

Қандай ауру туралы ойлауға болады?

Осы аурудың этиологиясымен патогенезін көрсетіңіз

Клиника- зертханалық мәліметтерге патофизиологиялық сараптама жасаңыз

Этиотроптық және патогенездік ем ұстанымдарын ұсыныз

Есеп № 1.

Тәжірибелік жануардың кеңірдегін жасанды жолмен тарылтқанда тыныс алу сипаты, пневмограммада қалай өзгереді?

1

Тыныстың тереңдігі мен жиілігін, дем ішке тарту және демді шығару кезең дерінің арақатнасын сапаттап пневмограмма сызыңыз

2

Тыныстың өзгеруінің патогенезін түсіндіріңіз. Патогенезі бойынша және қанның газдық құрамының өзгеруі бойынша қандай тыныс алу жеткіліксіздігі жануарда дамыды

3

Тәжірбиелік жануарда ӨТС, ӨЖК, ӨЖС және Тиффно индексі қалай өзгереді ?

4

Көрсетілген сыртқы тыныс бұзылысы қандай ауруларда кездеседі?

Есеп № 2.

Плевра қуысына физиологиялық ерітінді енгізу арқылы жасанды гидроторакс кезіндегі тыныс алу ерекшелігінің өзгерістерін сипаттап графикалық түрде сызыңыз.

1

Тыныстың тереңдігі мен жиілігін, дем ішке тарту және демді шығару кезең дерінің арақатнасын сапаттап пневмограмма сызыңыз

2

Тыныстың өзгеруінің патогенезін түсіндіріңіз. Патогенезі бойынша және қанның газдық құрамының өзгеруі бойынша қандай тыныс алу жеткіліксіздігі жануарда дамыды

3

Тәжірбиелік жануарда ӨТС, ӨЖК, ӨЖС және Тиффно индексі қалай өзгереді ?

4

Көрсетілген сыртқы тыныс бұзылысы қандай ауруларда кездеседі?

Есеп № 3.

Науқаста бронх демікпесінің ұстамасы басталды. Ол ауа жетіспегендіктен амалсыздан иығымен кеудесін көтерінкі ұстап отыруға мәжбүр болды. Тынысы шулы, дем шығару қиындаған. Тыныс үрдісіне қосыша тыныстық бұлшықеттер қатысуда. Ұстаманың соңында науқаста аздап қою қақырық пайда болды.

1

Тыныстың тереңдігі мен жиілігін, демді ішке тарту және демді шығару кезең дерінің арақатнасын сапаттап пневмограмма сызыңыз

2

Науқас тынысының өзгеруінің патогенезін түсіндіріңіз

Науқаста ентігудің қай түрі дамды патогенезін түсіндіріңіз. Бронхоспазмның патогенезін түсіндіріңіз

3

Қақырықпен қанның жалпы талданымы зерттегенде не анықталады?

4

Науқаста ӨТС, ӨЖК, ӨЖС және Тиффно индексі қалай өзгереді ?

Пневмотахограмма қалай өзгереді?

Есеп № 4.

Ауруханаға «Жіті пневмония» диагнозымен 32 жасар науқас К түсті. Ауру кенеттен бас ауруынан, дененің түршігуінен, дене қызуы 390С көтерілуінен басталды. Терең дем алғанда кеуде қуысында ауру сезімі күшееді. Жөтелгенде шамалы жабысқақ қақырық бөлінеді. Тыныс алуы минутына 30 рет. Қанында нейтрофилдік лейкоцитоз, ЭТЖ 20 мм/ сағ.

1

Науқаста патогенезі бойынша және қанның газдық құрамының өзгеруі бойынша қандай тыныс алу жеткіліксіздігі дамыды ?

2

Науқастағы тыныс өзгеруінің патогенезін түсіндіріңіз

3

Қақырықты зерттегенде не анықталады? лейкоцитоз, ЭТЖ жылдамдауы мен лейкоцитоздың патогенезін түсіндіріңіз

4

Науқаста ӨТС, ӨЖК, ӨЖС және Тиффно индексі қалай өзгереді ?

Пневмотахограмма қалай өзгереді?

Есеп № 5.

Науқас С., 24 жаста, ауруханаға физикалық жүктеме кезінде пайда болған ентігу және қатты жүрек қағуына, жүрек аймағындағы сыздап ауыру сезіміне шағымданып түсті. Өте қатты ентігу кезінде аз мөлшерде қан аралас шырышты қақырық бөлінеді. Науқастың шағымдарына негізделе отырып және тексеру барысында қос жарғақты тесіктің стенозы әсерінен өкпе қанайналымы бұзылған деген болжам жасалды. Сыртқы тыныс жүйесін тексеру нәтижесі:

Тыныс алу жиілігі – минутына 20 рет, ӨТС – қалыптыдан 81%, ӨЖК – қалыптыдан 76%, ТМҚ –қалыптыдан 133%, Тиффно индексі – 80%, гипоксимия мен гиперкпния

1

Осы науқастағы өкпе перфузиясы бұзылысының патогенезі қандай?

2

Науқаста ентігудің патогенезін түсіндіріңіз

3

ӨТС, ӨЖК, ДМК және Тиффно индекісімен қанның газдық құрамына патофизиологиялық сараптама беріңіз.

4

Науқастағы сыртқы тыныс бұзылысына толық қортынды беріңіз .

Есеп № 6.

Тәжірибелік жануардың көктамырына 3% сірке суын енгізген соң тыныс алу қалай өзгеруі тиіс, дем алу сызығын келтіріңіз.

1

Тыныстың тереңдігі мен жиілігін, демді ішке тарту және демді шығару кезең дерінің арақатнасын сапаттап пневмограмма сызыңыз

2

Тыныс өзгеруінің патогенезін түсіндіріңіз

3

Тыныстың осылай өзгеруі организм үшін мағанасы қандай? Берілген тыныс өзгерісінде ҚСҮ қалай өзгереді?

4

Осындай тыныс згерісі қандай өкпе ауруларында кездеседі?

Есеп № 7.

Науқас,П., 33 жаста, шахтада күкіртті газбен қайта-қайта уланғаннан соң өкпе эмфиземасының клиникалық көріністері анықталды, сонмен бірге қатты ентігу анықталған. Артериялық қанның газдық көрсеткіші : рО2 – 86 мм с.б.б., рСО2 – 48 мм с.б.б., қанның оттегіге сыйымдылығы 19,6 көл%. Спирометрияның көрсеткіші: ӨЖС-жоғары, ӨТС-төмен, РКда, РКдш төмен, ӨЖК жоғары, Тиффно индексі төмен.

1

Науқаста патогенезі бойынша және қанның газдық құрамының өзгеруі бойынша тыныс жеткіліксіздігінің қай түрі дамыды.?

2

Науқаста ентігудің қандай түрі дамыды? Патогенезін түсіндіріңіз.

3

ӨТС, ӨЖК, ӨЖС және Тиффно индексінің өзгерістерінің патотогенезін түсіндіріңіз. Пневмотахограмма қалай өзгереді?

4

Қандай қарапайым қызметтік сынама арқасында науқас өкпесінің диффузиялық қабілетінің жағдайын бағалауға болады?

Есеп № 8.

Науқаста артериалдық қанында НвО2 75%, веналық қанында – 42%, рСО2 50 мм с.б., ТАЖ – 22 минутында рет, ӨТС – 3, 0 л, Тиффно индексі – 50%, Нв – 180 г/л , қанның оттегіге сыйымдылығы– 36 көл%, эозинофилмен нейтрофилдік лейкоциттердің жалпы саны көбейген, қақырық сараптамасында –Куршмана спиралдері бар.

1

Науқаста патогенезі және қанның газдық құрамының өзгеруі бойынша тыныс жеткіліксіздігінің қай түрі дамыды.?

2

Науқаста тыныс алу қалай өзгерді, ентігудің қай түрі дамыды? Патогенезін түсіндіріңіз.

3

Науқаста ӨТС, ТАЖ, Тиффно индексінің өзгерісінің патогенезін түсіндірініз .

Пневмотахограмма қалай өзгереді? Куршман оралымы дегеніміз не? Не туралы хабар береді?

4

Қан көрсеткіштерінің өзгерісі қандай орын алады?

Есеп № 9.

Артериалдық қанда НвО2 70%, веналық қанында – 40%, рСО2 55 мм с.б., ТАЖ – 25 минутында рет, ӨТС – 1,5 л, Тиффно индексі – 85%, Нв – 177 г/л , қанның оттегіге сыйымдылығы– 30 көл%, ядросы солға жылжыған нейтрофилдік лейкоцитоз, ЭТЖ -25 мм сағ. , іріңді қақырық

1

Науқаста патогенезі бойынша және қанның газдық құрамының өзгеруі бойынша тыныс жеткіліксіздігінің қай түрі дамыды.?

2

Науқаста тыныс қалай өзгереді? Патогенезін түсіндіріңіз.

3

Науқаста ӨТС, ТАЖ, Тиффно индексінің өзгерісінің патогенезін түсіндірініз.

Пневмотахограмма қалай өзгереді?

4

Қан көрсеткіштерінің өзгерісі қандай орын алады? Іріңді қақырықтың пайда болғаны нені мәлімдейді ?

Есеп № 10.

Бас сүйегімен кеуде қуысы зақымданған, терісімен шырышты қабаттары көгерген 25 жасар науқас ауруханаға жеткізілді. АҚ 70/50 мм с.б., дене қызымы 34,20С, тамыр соғысы сирек, толуы төмен, мардымсыз. Науқас естүссіз жағдйда. Біртіндеп өше бастаған ұстамалы сирек тыныс

1

Науқаста патогенезі бойынша және қанның газдық құрамының өзгеруі бойынша тыныс жеткіліксіздігінің қай түрі дамыды.?

2

Науқаста тыныстың қай түрі дамыды? Патогенезін түсіндіріңіз.

3

Көрсетілген тыныс өзгерісінің тағыда қандай түрін білесіз?

4

Үзілісті тынысқа мысыл келтіріңіз , патогенезін түсіндіріңіз.

Есеп № 11.

Науқаста түн мезгілінде ұстамалы тұншығулар; өкпесінде көптеген құрғақ және ылғалды сырылдар бар; АҚ 130/90 мм с.б.б.; ЖСЖ 95/мин; ҚМК 6 л; артериалық қандағы НвО2 75%, веналық қанда – 40%; қанның рН 7,33, рСО2 52 мм с.б.. Қанда эритроциттер 6х1012/л, Нв- 175г/л ретикулоциттер 4%, лейкоциттер — 12х 109/л, базофилдер -0, эозинофилдер – 18%, таяқша-ядролылар -2%, бөлшектенген ядролылар – 45%, лимфоциттер – 32%, моноциттер – 3%.

Спирограмма: тыныс жиілігі – минутына 22 рет, ТК – 300 мл, РКда -2300 мм,, РКдш -400 мм, Тиффно индексі – 40%. Пневмотахограмма: Ппик – 4,5 л/с, П75 – 3,3 л/с, П50 – 1,8 л/с, П25 – 1,0 л/с.

(қалыпты жағдайда: Ппик – 8,7 л/с, П75 – 7,7 л/с, П50 – 5,4 л/с, П25 – 2,6 л/с.)

1

Науқаста патогенезі бойынша және қанның газдық құрамының өзгеруі бойынша тыныс жеткіліксіздігінің қай түрі дамыды.?

2

Пневмотахограмма және Тифно индексімен өкпе көлемдік өзгерістерінің патогенездік түсіндіріңіз.



Страницы: Первая | 1 | 2 | 3 | ... | Вперед → | Последняя | Весь текст


See also:
Яндекс.Метрика